«Алаш арыстарының ерен еңбектері жастардың жадында мәңгілік сақталады».
Осындай ұранмен Анкара қаласында білім алып жатқан қазақстандық тәлімгерлер арнайы жиын өткізді.
«Анкара қазақ жастары» бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен бұл шара Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевқа арналды.
Оған түркиялық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Шара барысында ақын өлеңдері қазақ және түрік тілдерінде оқылды.
Бақытжан ОМАР