Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетті

26.08.2022

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетті. Өтініш 24 тамызда жазылған. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Аймақты үш жылға жуық басқарған Шөкеевтің өз еркімен қызметін босатуына Кентау қаласы әкімі Дәурен Махажановтың парамен ұсталуы себеп. Бұрынғы қол астындағы қызметкері қылмысы үшін 10 жыл арқалаған болатын. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу