«Қазақстан-Орал» телеарнасының хабар тарата бастағанына биыл - 50 жыл.
«Ақжайықтың айнасы» атанған арнаның жартығасырлық мерейтойына орай, көптеген іс-шара жоспарланған. Соның алғашқысы - «Денсаулық фестивалі».
Жергілікті БАҚ өкілдері шағын футбол, волейбол, асық ату және үстел теннисінен бақтарын сынады.
Сондай-ақ, арнаның жас қызметкерлері «Қазақстан-Орал» әніне флешмоб ұйымдастырып, мерейтойға тарту жасады.
Асыланбек Ғұбашев, «Қазақстан-Орал» телеарнасының директоры:
Телеарна ұйымдастырған бүгінгі фестиваль үлкен шаралардың бастауы ғана. Алдағы уақытта облыстық арнаның мұражайын ашу, «Ақжайықтың айнасы» атты кітап шығару жоспарымызда бар.
Рауан ДИӘЛИ