Биыл 7 көшені қалпына келтіру жоспарда бар. Жол мәселесінен бөлек, кейде су да болмай қалады. Электр желілері тозғандықтан, жарық та жиі сөнеді. Аймаққа сапармен барған Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әлеуметтік мәселелер дер кезінде шешілуі тиіс екенін айтты. Құрылысы аяқталған жолдардың сапасына зер салды.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы жылы салады деп, 692 метр ұзындығы, 103 млн теңге бөлінді. Біздің бағдарламада бар заттарды өзіміз осылай қадағалау жүргіземіз.