Пиреней түбегінде орналасқан мемлекет қазір індетті жұқтырғандар бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші, ал Еуропада бірінші орында тұр. Елде 45 жасқа дейінгі ер адамдар екпе салдырту үшін кезекке тұрып жатыр. Алайда осы уақытқа дейін жеткізілген 12 мың доза вакцина аздық етіп тұр. Биліктегілер екпені үнемдеп, бір дозаны бір емес, бес адамға бөліп салу туралы шешім қабылдады.