Себебі өңірдің 700 шақырымдай шекарасы осы елмен шектеседі. Облыс аумағында көрші елге шығатын екі ірі көліктік логистикалық дәліз бар. Қорғас шығыс қақпасы мен Достық кеден бекеті арқылы өтетін тауар айналымы жыл санап артып келеді. Алайда пандемия салдарынан халықтың кіріп-шығуы азайған. «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығының жұмысы тоқтап қалған. Осы ретте Қытайдың Қазақстандағы бас консулы еркін экономикалық аймақтардағы кей мәселелерді жергілікті деңгейде шешіп, барыс-келіс, алыс-берісті жандандыруға дайын екенін жеткізді. Жетісу облысының кәсіпкерлерінің виза ашуына ықпалдасуға сенім білдірді. Ең бастысы кәсіпкерлер көрші елден шақырту алса болғаны.
Мұрат Баймұханбетов, «Қорғас шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының бас директоры:
Қытай халық республикасының өкілдері ұсыныс білдіріп отыр. Мәселенің шешілуін, қарастыруын жергілікті деңгейге түсіру. Жергілікті деңгей облыстың біздің әкімдік бойынша және олардың сондай мекемесі. Сондықтан істеліп жатқан істің шешімі болады деп ойлаймын.