Чолпан-атада Үкіметаралық кеңестің отырысы аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғыз елінің Үкімет басшысымен кездесті. Келіссөз барысында Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының Ульянов облысында Қырғызстан азаматтарының көлік апатына ұшырап, қаза болуына байланысты көңіл айтты. Әрі Қырғыз Республикасының бауырлас ел, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен де кездесу өткізді. Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының нығаюына жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің серпін беріп отырғанын, сондай-ақ екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстар барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне көтерілгенін атап өтті.