Қостанайда 160 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 160 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотталды

26.08.2022

Жеке серіктестік директоры екі сыбайласымен бірге 2018-2019 жылдары шаруаларды алдап, мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 160 млн теңгені қалтаға басқан. Сот бұл іс бойынша айыпталған үш азаматты кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды. Олар сот залында қамауға алынды.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырды, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған.

Хабарламаларға жазылу