Елімізде зейнетақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде зейнетақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өспек

25.08.2022

Елімізде айлық есептік көрсеткіш зейнетақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өспек. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке осындай түзетулер енгізілді. Қазір құжат ашық талқылауға шығарылған. Қолдау тапса, базалық зейнетақы 21 мың, ең төменгі зейнетақы 53 мың теңгеге жетеді. Әрі ең төменгі күн көріс деңгейі көтеріліп, айлық есептік көрсеткіш үш жарым мың теңгеге жуық болады. Ол түрлі жәрдемақылар мен айыппұлдарды есептеу үшін қажет. Сондықтан олардың да көлемі өсетіні түсінікті. Бюджет жобасы бір доллар 470 теңге көлемінде болады деген есеппен жасалған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу