Ақмола облысында 4,7 млн тонналық 70 элеватор астық қабылдауға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 4,7 млн тонналық 70 элеватор астық қабылдауға әзір

25.08.2022

Ақмола облысында егін орағы науқаны басталды. Биыл 5 миллион гектардан астам аумаққа дән себілген. Қазір 9 ауданның диқандары ораққа кірісті. Бірер күннен кейін бұл науқан жаппай басталады. Бүгінге дейін өңірге бөлінген 80 мың тонна жанар-жағармайдың 37 мыңы шаруашылықтарға жеткізілген. Қалғаны алдағы уақытты берілмек. Барлығы 9 мыңға жуық комбайн жұмылдырылады. Сыйымдылығы 4,7 миллион тонна болатын 70 элеватор астық қабылдауға әзір. Сондай-ақ шаруашылықтарда 2 миллион тонна өнім сиятын қоймалар бар. Астық жинауды қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Еркеш Әленов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

75 пайыз егініміз жақсы тұр, 15 пайызы қанағаттандырарлық. Былтырға қарағанда мол өнім аламыз деген ойдамыз. Биылғы жоспарға байланысты 4,6 миллион тонна бидай алмақшымыз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу