Бүгін энергетика министрлігі жанармай қорына қатысты кезекті мәліметті жария етті. Айтуларынша дизельге қатысты түрлі түсінбеушіліктер туып жатыр.
Ведомства таратқан хабарламада қазір солярканың 220 мың, ал бензиннің 183 мың тонна қоры бары жазылған. Бұл 10-15 күнге жетеді. Бірақ содан кейін таусылып қалады деген сөз емес. Қор үнемі толықтырылып отырады. Сол үшін тапшылық жайында алаңдауға негіз жоқ делінген.Әрі бұл үнемі Үкіметтің бақылауында. Бүгін премьер-министрдің орынбасары ішкі нарықты жанармаймен қамту жөніндегі комиссияның отырысын да өткізді.
Досжан Маратұлы