БЖЗҚ ескертеді: Зейнетақы шоты бұғатталмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БЖЗҚ ескертеді: Зейнетақы шоты бұғатталмайды

24.08.2022

Абай болмасаңыз банктегі бұл қаржыңызға әлдебіреулер қол сұғуы мүмкін. Бүгін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескертті. Айтуларынша әккі қулар қор қызметкері болып телефон соғып, шотыңыздың бұғатталғанын айтады. Және оны одан шығару үшін арнайы шотқа қаржы аударуды сұрайды. Зейнетақы қоры бұған сенбеуді және шоттың ешқандай жағдайда бұғатталмайтынын ескертеді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу