«Мәңгілік дала дауысы». Америка суретшілерінің қазақ атырабына арнаған көрмесі дәл осылай аталады.
Бір қызығы, бұл туындылардың авторлары Қазақстанда бірде-бір рет болмаған. Алайда, сырттай тәнті екендіктерін айтады.
Солардың бірі - Джанет Кук. Оның осылай шабыттануына Нью-Йорк қаласындағы Құрманғазы оркестрінің өнері түрткі болған.
Ал, Лейла Элиас көшпелі өмірге қатты қызығатынан айтады. Кезекті туындысына «Қазақ даласындағы сары шашты қыз», деген ат қойған.
Аслан ҚАЖЕНОВ