Рим Папасының Қазақстанға сапарының ұраны мен логотипі жарияланды. Апостолдық сапардың «Бейбітшілік пен бірлік елшілері» ұраны логотиптің жоғарғы жағында қазақ тілінде, ал төменгі жағында орыс тілінде жазылған. Ортасында тұмсығына ою-өрнек түріндегі зәйтүн бұтағын тістеген көгершін бейнеленсе, құстың қос қанаты бейбітшілік елшілерін білдіретін қолдың кескінімен суреттелген. Сондай-ақ рәмізде Қазақстан туының көк және сары түстері, Ватикан туының ақ және сары түстері қолданылған.
Еске салайық, Рим Папасы Франциск 13-15 қыркүйек аралығында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына қатысады.