Қаладағы станция маңын тексеру кезінде 19 жастағы жас жігіт пен оның 15 жастағы сыбайласы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты тал-терек арасына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысында ұсталғандардан алынған зат 11 грамм психотроптық есірткі болып шықты. Күдіктілер өз саудасын Telegram арналарының бірінде жүргізген. Орал станциясының желілік полиция бөлімі істі тергеп, сотқа жолдады.
Данияр Сатыбаев, Орал станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы тұлғаға қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал 15 жастағы жасөспірім 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.