БҚО-да шенеунік мүгедектерден пара алып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да шенеунік мүгедектерден пара алып келген

24.08.2022

Батыс Қазақстанда облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы мүгедектерден жүйелі түрде пара алып келген. Ол мүгедектікті тағайындау және ұзарту үшін 20 мыңнан 100 мың теңге аралығында ақша алған. Сотта дәлелденген параның жалпы сомасы – 1 млн теңге. Ал оның сыбайласы, екінші емхананың неврапотолог дәрігері арада делдал болып, параны бөлім басшысына жеткізіп отырған. Екеуі де сотта кінәларын мойындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Динара Жұмабаева, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басқармасының бас маманы:

Бақытжамал Бекқожинаға 60 миллион теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша дәрігер-неврапотолог Римма Тельбаева кінәлі деп танылып, 6 миллион теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу