Қымбатшылық: Кәсіпкерлер мектептегі түскі астың бағасын өсіруді сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қымбатшылық: Кәсіпкерлер мектептегі түскі астың бағасын өсіруді сұрайды

23.08.2022

Елордалық кәсіпкерлер мектептердегі тегін түскі астың бекітілген бағасын мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды. Олар бұл өтініштерін бүгін Нұр-Сұлтан әкімімен кездесуде айтты. Өйткені ғимарат жалдау бағасы 25 пайызға қымбаттаған. Оған азық-түліктің бағасы да қосылады. Сондықтан олар 449 теңгеге оқушыларды сапалы тағаммен қамти алмайтынын жеткізді.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі:

Мектептегі түскі астың құнын есептеп, құжаттармен нақтылап барып бекіту керек. Біз осы аптада бұл мәселе бойынша құзырлы органдармен келісіп, қаражат бөлеміз.

Айта кетерлік жайт, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі біздің елде тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айының өзінде 20 пайызға жуық қымбаттаған.


Хабарламаларға жазылу