Қоғамдық қабылдау: Биыл «Аmanat» партиясына 91 мыңнан астам адам жүгінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық қабылдау: Биыл «Аmanat» партиясына 91 мыңнан астам адам жүгінген

23.08.2022

«Amanat» партиясы Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарына барып, бірнеше елдімекендегі проблемаларды талқылады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғындары сумен қамту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жұмысқа орналастыру сынды мәселелерді көтерді. Ал, Атырау облысына қарасты Исатай ауданында қабылдауға 30-дан астам азамат жазылған. Өзекті мәселелердің қатарында ауыз су мен ауылдарды абаттандыру және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүргізу мәселесі бар. Партия өкілдері қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 91 мыңнан астам адам жүгінді дейді.

Әлия Садырбаева, «Amanat» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы:

Бірінші кезең 14 наурыз бен 14 маусым аралығында өтті. Екінші кезең кезінде 131 ауылдық округте болып, мыңға жуық адам қабылдады. Мәселелердің 25%-ы дер кезінде оң шешімін тапса, қалғандары бақылауға алынады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу