«AMANAT» кеңесі: Жаңа тұғырнама қоғам талқысына түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» кеңесі: Жаңа тұғырнама қоғам талқысына түседі

23.08.2022

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жаңа саяси тұғырнама әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Сөзінше, саяси тұғырнаманы жаңарту жұмысы «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізіледі. Бұл аса маңызды мәселе. Еркін пікір алмасу, кең саяси диалог қамтамасыз етілуі керек. Бұған барлық аманаттықтар атсалысуы қажет. Партия құжат жобасын қоғамдық талқылауға шығарады. Оның қорытындысы биыл күзде республикалық партия конференциясында талқыланады.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:

Біз қоғамдағы өзгерістер мен сұраныстарға, Президент алға қойған ауқымды міндеттерге бейімделіп, үнемі дамып отыруға тиіспіз. «AMANAT» елдің мұң-мұқтажымен өмір сүруі керек. Біз Жаңа Қазақстан құруға қандай үлес қосамыз, осыны айқындап алуымыз керек. Ол тек қана белсенділік таныту деген сөз емес. Ол нақты нәтижеге қол жеткізу.

Хабарламаларға жазылу