Биыл елімізде 551 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді. Қазір ескі жолдардың біразы алынып, орнына жаңа рельс-шпалдар төселген. Мәселен қазір Жамбыл облысындағы темір жолдарда рельсті жаңалау жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұдан кейін пойыздың жылдамдығы артып, қауіпсіздік күшейеді.
Құрметті теміржолшы Нұрмұхан Шағылбаев Шу жол дистанциясында 32 жыл бас инженер болған. Еңбектің қадірін білетін зейнеткер, темір жолды жөндеудегі қиын кезеңдерді ұмытпаған. Ол уақыттағы қолдың қара күшінен, бүгінгі техникалардың мүмкіндігі көп - дейді ардагер теміржолшы.
Нұрмұхан Шағылбаев, құрметті теміржолшы:
Путевой машиналарды мен сіздерге салыстырмалы түрде айтайын. Біздің путилистер сол кезде айлап, жылдап істейтін жұмыстарымызды екі-үш күнде істеп тастайды. Ал енді сапасы жағынан өте жоғары. Бұл жұмыс істеп кеткеннен кейін, мысалы жолдың көрсеткіштері бар. Соны нөл балға дейін жеткізеді.
Шу бөлімшесінің магистральдық желілерін жөндеу үшін австралиялық SMD машинасы қолданылуда. Қондырғының көмегімен бір тәулікте 2 шақырым рельс табанын ауыстыруға болады. Қазір мұнда жоспарланған жұмыстың 80 пайызға жуығы аяқталған.
Ғалымбек Батырбеков, Шу жол дистанциясының бастығы:
Биылдыққа бізде 360 шақырымның 200-і өте жақсы сосын 100-і жақсы деген баға береміз. Қалғаны қанағаттанарлық, ескірген жолдарда бар. Мысалы өткен аптада біз екі тәулік ішінде 3 шақырымды жөндедік, бүгін бір тәулікте 2 шақырымды алсақ, келесі айда қалған 2 шақырымды орындап тастаймыз.
Соңғы 10 жылда компанияның жол шаруашылығы SMD машина, 8 тазалау техника, шпалдарды ауыстыруға арналған 5 кешен және рельсті салу пойызымен жарақтандырылған. Жалпы «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы биыл 551 шақырым темір жолда күрделі жұмыстарын атқаруды жоспарлап отыр.
Нұрдос Болатұлы