Лаоста алданған қазақ қызы сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаоста алданған қазақ қызы сұхбат берді

22.08.2022

Лаоста еңбек құлдығында жүргенін мәлімдеген отандасымыз Анель Бермағанбетова телефон арқылы тілшілерге сұхбат берді. Айтуынша, жұмыс беруші оған еліңе қайтқың келсе, кеткен шығынды өтеп бер немесе бір жыл жұмыс істе деп шарт қойған. Іске ресми органдар араласқан соң бойжеткен босап шығатынына сеніп отыр.

Анель БермағанбетовА, ҚР азаматы:

Маған қол көтеріп күш көрсетіп жатқан жоқ. Салыстырмалы түрде қауіп жоқ деуге болады. Тек сыртқа шыға алмаймын. Сондықтан қиналып кеттім. Әлеуметтік желілер арқылы жақындарыммен сөйлесіп отырмын. Тезірек Қазақстанға қайтқым келеді.

Қазақ қызының тағдыры ҚР СІМ-нің бақылауында

СІМ мәліметінше, отандасымыз консулмен байланысқа шығып, өзінің жағдайы туралы айтып берген. Бұл мәселе Вьетнамдағы елшіліктің ерекше бақылауында. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматтардан шет елде жұмыс істеу үшін құжаттар мен келісімшарттарға қол қойылғанға дейін әрі шет елге шықпай тұрып бәрін мұқият зерделеуді, сондай-ақ, жұмыс берушілерді тексеруді сұрайды.


Хабарламаларға жазылу