Хабар келіп түсісімен қалалық полиция департаментінің арнайы жасағы іске кірісті. Олар шаһардағы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы мен нөмірі төртінші кликикалық емдеу мекесінде тексеріс жүргізіп, 1000-нан астам пациент пен қызметкерді қауіпсіз аумаққа эвакуцациялаған.
Айта кету керек, жарылғыш зат туралы ақпар бүгін сағат таңғы 9:05 шамасында медициналық мекемелердің электронды поштасына келген. Жалған ақпарат таратқандардың ісі тексеріліп, қылмыстық іс қозғалады.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Бұл ақпарат жалған болып шықты. Нәтижесінде екі медициналық мекеме жұмыстарына қайта оралып, осы суыт хабарды таратқан адам іздестіріуде. Аталған дерекке қатысты ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық із қозалды.