Ресейде ірі жол апатынан 14 қырғыз азаматы ажал құшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ірі жол апатынан 14 қырғыз азаматы ажал құшты

22.08.2022

Ресейде ірі жол апатынан қаза тапқан 16 адамның 14-і қырғызстандық, екеуі ресейлік болып шықты. Оқиға Ульянов облысындағы тас жолда болған. Полицейлердің болжамы бойынша, жүк көлігі тоқтап тұрған шағын автобусты соққан. Салдарынан автобус екі жүк көлігінің арасында қысылып қалған. Қазір зардап шеккен үш адамға медициналық көмек көрсетілуде. Олардың жағдайы ауыр. Қырғызстан елшілігі қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстары үшін сенім телефонын ашты.


Хабарламаларға жазылу