Жамбыл облысында шекара қызметінің сарбазы көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шекара қызметінің сарбазы көз жұмды

22.08.2022

18 жастағы Бекбол Мираштың туыстары оның қайтыс болғанын растаған. 19 тамыз күні әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға түнде Шөлдала шекара заставасында болыпты. 2004 жылы туған Бекбол Мираш әскерге Атыраудан биыл көктемде шақырылған. Қазір оның туыстары марқұмның денесін алып кетуге Таразға келді. Ал бұл қайғылы оқиға туралы жауапты министрлік әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Хабарламаларға жазылу