Ақмола облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

19.08.2022

Бұл «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының бастамашы болуымен жүзеге асқан. Бұған дейін заңсыз алынған немесе пайдаланылмай келген жер учаскелері енді ауыл тұрғындарына ортақ. Комиссия мүшелері үш ай бойы аймақтарды аралап, бас-аяғы 350 мың гектардан астам жерді ел игілігіне қайтарған. Қазір елдімекендерде жер мәселесін неғұрлым жедел шешу үшін «AMANAT» партиясының жедел желісі жұмыс істей бастады.

Мақсат Толықбай, комиссия мүшесі:

- Заңгерлер әр түрлі қоғам өкілдері Бас парокуратураға дейін қосып, партияның бүкіл тетіктерін қосып жатырмыз. Елге қайтару керек. Өйткені біз конституцияға өзгеріс енгіздік, жердің иесі кім, жердің иесі халық. Сол барлығымызға аманат. Әйтеуір нәтиже жаман емес.

Хабарламаларға жазылу