Елде 220-дан аса мемлекеттік нысанның құрылысы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 220-дан аса мемлекеттік нысанның құрылысы тоқтап тұр

18.08.2022

Елде 220-дан аса мемлекеттік нысанның құрылысы тоқтап тұр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бұл жағдайға келісімшарттың жиі бұзылуы себеп болғанын хабарлады. Әрі жобаға өзгеріс енгізу құрылыс қарқынына кері әсер етіп жатыр. Мысалы бюджеттің ақшасына салынып жатқан 261 жобаға талдау жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша жоба құны 486 млрд теңгеден 612 млрд теңгеге өзгерген. Кейбірі мердігерлермен қосымша келісімшартқа отырмаса, енді бір жоба жергілікті бюджеттен ақша бөлінбеген соң аяқсыз қалып қойған. Жауапты министрлік жақында баға индексін белгіледі. Елде салынып жатқан 5600 ғимараттың жартысы мемлекеттік нысан екенін еске салайық. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу