Мәжілісмен Қарағандыдағы Абай шахтасының жұмысшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісмен Қарағандыдағы Абай шахтасының жұмысшыларымен кездесті

18.08.2022

Парламент Мәжілісінің депутаты Тілектес Адамбеков Қарағандыдағы Абай шахтасының жұмысшыларымен кездесті. Кеншілерге елдегі саяси реформалар мен қабылданған заңдарды түсіндірді. Кеншілер де көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Зейнеткерлік жасты төмендету , азық-түлік пен жылжымайтын мүлік бағасының өсуі, еңбек жағдайын жақсарту және басқа да бірқатар мәселе көтерілген.

Тілектес Адамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шахтерлермен сөйлесудегі басты мақсатымыз енді көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарды тыңдап, солармен жұмыс істеу. Ең негізгі сұрақтары шахтерлардың зейнет жасына байланысты. Бұл турасында қазір Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бір оң нәтижеге жетеміз деп ойлаймын. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу