Сенаторлар сапар барысында түркістандық шаруалармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар сапар барысында түркістандық шаруалармен кездесті

18.08.2022

Сенат депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда. Түркістан облысының Қазығұрт ауданына барған олар ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жергілікті шаруалармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады. Түйткілді мәселелердің шешімін табуына атсалысып, көкейдегі сауалдарына жауап берді. Қазір ауданда алма жинау науқаны басталды. Соңғы 10 жылда бау-бақша көлемі 600 гектардан астам аумаққа жетті. Шаруалар өнім көлемін арттыруға ниетті.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Шаруалардың табысын көтеру маңызды. Өндірістің өнімін көтеру маңызды. Ауылшаруашылық жерлірінің құнарлығын сақтау маңызды. Сондықтан жаңа технологияларды көбірек енгізіп, диверсификацияға көбірек көңіл бөлу керек.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу