ШҚО-да 2 млн-нан аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 2 млн-нан аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

18.08.2022

Полицейлер шаҺар көшелерінің бірінде адамдардың өміріне қауіп төндірген шетелдік көлікті тоқтатқан. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынуға тырысқан. Алайда «Сергек қорғау» қосымшасының көмегімен Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол темір тұлпарды жүргізуші куәлігінсіз, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен тізгіндеп жүрген. Бұл іс бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің үш бірдей бабымен хаттама толтырылды. Автокөлік қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Хабарламаларға жазылу