Сөз ұққанға, әңгіме тыңдағанға. Алматыдағы әдебиетшілер үйінде зиялы қауым өкілдері бас қосты. «Әңгіме туралы әңгіме» деп аталатын кездесуде жазушы Дидахмет Әшімханұлы мен Құлбек Ергөбек қатар отырып, әдебиеттегі «әңгіме» жанры туралы ойларын айтты.
Аға буын бүгінгі жастар неге қызығады деген мәселеге көп алаңдайды. Іргелі ойлар талқыға түскен әрлі әңгімеде қос жазушы осы сұрақты ортаға тастап, қазақ әдебиетінің өткені мен болашағы туралы әңгіме өрбітті. Жиынға қатысушылар мұндай отырыстардың маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта жалғасын тапса деген ниетпен тарқасты.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ