Қаскүнемдер өздерін еңбек министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырып, азаматтарға 500 мыңнан 1 млн-ға дейін материалдық жәрдем алуға көмектесеміз деп уәде береді. Ол үшін шоттардағы бұғаттауды алып тастап, қарызды жабуды сұрайды. Сенгіш азаматтар талаптарын орындағаннан кейін алаяқтар техникалық ақауларға байланысты қаржылық көмек алу мүмкін еместігін хабарлайды. Министрлік өкілдері болса ведомство қызметкерлері азаматтарға әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселелермен ешқашан қоңырау шалмайтынын айтты.