Елде ұн өндірісі қарқын алды. Жарты жылда 1,5 пайызға көп ұн өндірілген. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы сұранысты толық қамтып отыр. 764 мың тонна өнім экспортқа шығарылды. Қазақстаннан оны әсіресе Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Ауғанстан импорттайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда ұнның ішкі нарықтағы саудасы төмендеген. Былтырға қарағанда биыл ұн 36 пайызға қымбаттады. Жоғары сұрыпты ұнның ел бойынша орташа бағасы 343 теңге. Дегенмен елордада қазір 424 теңгеге сатылып жатыр. Қаңтарда 323 теңгеге саудаланған еді.
Ақерке Бектас