Елімізде күзден бастап электр энергиясы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде күзден бастап электр энергиясы қымбаттайды

17.08.2022

Оның болжамынша, жаңа баға инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Яғни 8 пайыздан аспайды. Тарифті көтеру мәселесі жұмысшылардың жалақысы мен қордаланған проблемалары шешу қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі баға сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Ауыл-аймақтағы станциялардың көбі өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Сондай-ақ электр энергиясын өндіруге әсер ететін шығындар көбейіп келеді. Ал алдағы уақытта электр энергиясының тапшылығы да туындауы мүмкін

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

1 шілдеден бастап 26 энергия өндіруші ұйымда шекті тарифтер орта есеппен 4-12%-ға ұлғайды. Ал алдағы жылдың жылыту маусымында 1-1,5 млрд киловатқа дейінгі электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Егер мұндай мәселе туындаса, электр энергиясын көрші елдерден алуға мәжбүр боламыз.


Хабарламаларға жазылу