Қырымдағы ресейлік қару-жарақ базасында тағы да жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымдағы ресейлік қару-жарақ базасында тағы да жарылыс болды

16.08.2022

Қырымдағы ресейлік қару-жарақ базасында тағы да жарылыс. Соңғы мәліметке қарағанда, екі адам жараланып, жақын маңдағы ауылдың 3 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшіріліп, пойыздар тоқтап қалған.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл оқиғаға қаскүнемдік әрекеттер себепші. Алайда, Украина әскері Джанкой ауданы «Майское» ауылы маңындағы жарылыстардың абайсызда емес, түбекті «демилитаризациялау» нәтижесінде болғанын алға тартып, базаға өзі соққы бергеніне меңзеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу