Заңсыз алынған мемлекеттік баж төлемдері азаматтарға кері қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз алынған мемлекеттік баж төлемдері азаматтарға кері қайтарылады

16.08.2022

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы аналардан құжат рәсімдеген кезде мемлекеттік баж салығы заңсыз алынған. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлік пен паспорт жасату үшін төленетін қосымша ақыдан босатылған. Соған қарамастан әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандардан ақша алынып отырған. Барлығы 500-ден астам адамнын құқығы бұзылған. Енді заңсыз алынған мемлекеттік баж төлемдері құқы бұзылған азаматтарға кері қайтарылады.

Жанайдар Рамазанов, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
Салық кодексінің 622 бабы бойынша мүмкіндігі шектеулер жандар, көпбалалы аналар, жетім балалар құжаттарды рәсімдеу үшін төленетін мемлекеттік баждан босатылған. Осы талап орындалмаған. Заңсыз алынған төлемнің жалпы соммасы - 1 миллион 345 мың теңге. Алдағы уақытта осындай заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатында шаралар қабылданбақ.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу