Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

16.08.2022

Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады. Наталья Годунова жартыжылдықтағы қызметі бойынша есеп берді. Берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды. Алты айда 1,3 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілген. Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде айтып берді. 

Хабарламаларға жазылу