Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды. Өткен тәулікте 789 адамнан індет анықталды. COVID-19-ға шалдығудың ең көп дерегі Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында тіркелді. Осылайша елде пандемия басталғалы 1 миллион 378 мың адам коронавируспен ауырған. Оның 95 пайызы жазылып шықты. Бүгінге республика бойынша 22 мыңдай адам инфекциядан емделіп жатыр. Оның 26-ы ауруханада. 9 науқастың жағдайы ауыр. Қазір елдің барлық өңірі бағалау матрицасының «жасыл» аймағында.