«Баланы мектепке жинайық!» қайырымдылық акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баланы мектепке жинайық!» қайырымдылық акциясы басталды

15.08.2022

30 мыңнан астам балаға «Amanat» партиясының атынан жаңа оқу жылына қажетті заттар беріледі. «Баланы мектепке жинайық!» акциясы партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында биыл да дәстүрлі түрде өткізіледі. Негізгі мақсат – көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылы басталғанша мектепке дайындауға жәрдемдесу. Бүгін Павлодарда Аманат партиясының өкілдері алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Валентина Григорьеваның шаңырағына барды. Жыл өткен сайын жаңа оқу жылына баланы дайындау қиынға соғып барады деген көпбалалы ананың ризашылығында шек жоқ

Илья Теренченко, «Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

Біз үшін ең басты нәтиже балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Сондай-ақ, өздеріне сенімді болып, жақсы оқулары үшін қолдан келгенше жағдай жасау.


Хабарламаларға жазылу