АҚШ-та қарулы адам Капитолий қасында өз-өзіне қол жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қарулы адам Капитолий қасында өз-өзіне қол жұмсады

15.08.2022

АҚШ астанасы Вашингтонда тағы да оқыс жағдай болды.

Қарулы адам көлігімен Капитолийдің яғни, Парламенттің қоршауын соғып, аспанға оқ атып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Әзірге 29 жастағы күдіктіні мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз. Қазір онымен байланыста болған адамдардан түсініктеме алынып жатыр.

Вашингтон полициясы күдіктінің депутаттарға қастандық жасауды ойлауы қисынсыз дейді. Себебі конгресмендер қазір өңірлерге кеткен. Бірақ, бұл оқиғаның Трамптың тергеуімен байланысы болуы да ғажап емес. Өйткені, федералды тергеу бюросы өткен аптада ғана экс-президентің үйін тінтіп, Ақ үйден кеткен кезде алып кеткен бірнеше құпия құжатты тәркілеген еді.


Хабарламаларға жазылу