Пара алған: «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшыларына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара алған: «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшыларына айыппұл салынды

12.08.2022

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордадағы учаске бастығы мен оның орынбасары пара алғаны үшін ұсталды. Нақтырақ айтқанда, компания өкілдері «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде қаржылай сыйақы алып отырған. Себебі пара берушілер пойыздағы тәртіпті қадағаламаған. Жұмыстағы олқылықтарына жоғарыдағы басшылары көз жұма қарағандары үшін оларға ақша төлеп отырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, осындай 27 факті әшкереленді.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу