Ақтауда авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөнінде халықаралық конференция өтіп жатыр. 2 күндік шараға Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Қырғыстан және Тәжікстанның азаматтық авиация әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда. Сарапшылар әуежай қауіпсіздігі, аэронавигациялық құралдарды қорғау, тексеру шараларын жетілдіру, ұшақ қауіпсіздігі сияқты мәселелерді талқылады. Тараптар қажетті ақпаратпен жедел алмасу үшін, ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Дархан Қатышев, «Қазақстан авиация әкімшілігі» Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры:
Біз осы конференцияға қатысушы елдер арасында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобын құруды ұсынамыз. Бұл ақпаратпен бөлісуді жеделдетіп қана қоймайды, азаматтық авиацияның қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді. Сонымен қатар білікті мамандарды даярлап, қайта оқытып, кәсіби деңгейін көтеруге жол ашады.
Аягөз Оралбайқызы