Шыңғырлау ауданында 19 жастағы бозбала суға кетті. Оқиға Ақсоғым ауылында түс шамасында болған. Бір топ бала шомылуға барып, баланың денесі құрысып, достарының көз алдында суға батып кеткен. Құтқарушылар, сүңгуірлер бес сағаттан кейін ғана оның денесін көлден алып шықты. Шомылу маусымы басталғалы облыста 15 адамның ажалы судан болды. Олардың дені суға түсуге тыйым салынған жерде және мас күйінде шомылған.
Ардақ Мұратқызы