Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерлері Каспийде БТР-мен жүзуге машықтанып жатыр. 100-ден астам жауынгер бұған дейін арнайы дайындықтан өткен. Десе де арнайы әскери тапсырмаларды орындау кезінде әр экипаждың іс-әрекеті қатаң бақылануы тиіс. Олардың қауіпсіздігін жүрдек катердегі жүзгіштер командасы қамтамасыз етпек. Әскери жаттығулар 8 күнге созылады
Нұрдос Болатқазин, №25744 Теңіз жаяу әскерлері бригадасының механик-жүргізушісі:
Бүгін бұрын тек құрлықта ғана жүрген БТР-82 бронды транспортері теңіз бетімен жүзуге шықты. Біз осылайша өзіміздің нағыз теңіз жаяу әскері екенімізді дәлелдейміз. Ешқандай қорқынышсыз теңіз бетіне шығып отырмыз. Өзіміздің елімізді қорғауға әрқашан дайынбыз.
Аягөз Оралбайқызы