Франциялық фридайвер Арно Жеральд 120 метр тереңдікке сүңгіп, әлемдік рекордты жаңартты. Осы жетістік үшін ол Бағамдағы Лонг аралына сапар шеккен.
36 жастағы Жеральд су түбіне 3 минут 34 секундта барып қайтып, осымен жетінші рет рекорд жасап отыр. Сайысқа тағы 41 атлет қатысты. Бірақ, олардың ешқайсысы Арноның көрсеткішін қайталай алмаған.
Арыстан Рысбек