Волонтерлер мен ҮЕҰ мәселелері туралы заңға өзгертулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волонтерлер мен ҮЕҰ мәселелері туралы заңға өзгертулер енгізілді

11.08.2022

Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдар мәселелері жөніндегі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заң күзде күшіне енеді. Жоба үш негізгі бағыттан тұрады: олар волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау. Жаңа нормаларға сәйкес, енді қайырымдылық ұйымдарына мемлекеттік меншік обьектілері жеңілдікпен берілмек. Сондай-ақ оларды мемлекеттік деңгейде көтермелеу үшін қайырымдылық жасағандарға жоғары награда беру қарастырылған. Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қолдау, оларға сыйақылар тағайындау, гранттық қаржыландыру мәселелерін де жүзеге асыру көзделген. Кәмелетке толмағандар да волонтер бола алады. Тек олардың жас ерекшелігіне сәйкес, денсаулығына зиян келтірмейтін қызмет түрлері бекіді. Заңдағы тағы бір тетік – енді волонтер немесе еріктілер ұйымы мен олар көмектесетін мұқтаж отбасы арасында келісім жасалуы тиіс. Бұл алаяқтық пен түрлі келеңсіздіктердің алдын алады.

Мадияр Қожахмет, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:

Волонтерлердің жұмысқа тұру кезіндегі волонтерлік тәжірибесі ескерілу мәселесі, оқу орындарына түсу кезінде балдары тең болса артықышылықтар беру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдарға олардың қажеттілігіне сәйкес, ғимарат, қойма беру заңда қарастырылған.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу