Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

11.08.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті. Мемлекет басшысы еліміз бен халықаралық ұйым арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында оның бұл сапарының маңызды екенін атап өтті.Сондай-ақ, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының төрағасы елімізге алғаш рет келгенін айтып, Қазақстанмен көпжоспарлы әріптестіктің деңгейіне көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдумды жоғары бағалады.


Хабарламаларға жазылу