Елімізде мұнай мен газға қатысты вирустық жарнама тарап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мұнай мен газға қатысты вирустық жарнама тарап жатыр

11.08.2022

Еліміздің Энергетика министрлігі таралып жатқан жалған жарнамаға сенбеуге шақырды. Таяуда әлеуметтік желіде Еуропаға тасымалданатын мұнай мен газ экспортынан жоғары табысқа қол жеткізуге болады деген ақпарат тараған. Қаржылық платформалар туралы вирустық жарнаманың бірде-бірі шындыққа жанаспайды. Министрлік тек ресми парақшаларда жарияланған ақпараттарға сену керектігін ескертті. Соңғы кезде жалған қаржылық компаниялар тарапынан расталмаған ақпарат тарату жиілеген. Олар азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалық порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды. Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу