Норвегияда Абайдың шығармаларына сұраныс күннен-күнге артып келеді. Қазақстан елшілігінің бастамасымен хакімнің қара сөздері мен таңдамалы поэзиясы былтыр норвег тіліне аударылған болатын. «Сиркел Форлаг» баспасынан 1500 данамен басылып шыққан құнды еңбек елдің кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылды. Баспагерлер қазір ғұламаның шығармаларын Норвегияның мектеп оқулықтарына енгізуді ұсынды.
Осхильд кулос, «Сиркел форлаг» баспасының редакторы, баспагер:
Абайдың туындылары ғажап. Оны әр адам оқуы тиіс. Философиясы барша адамзат үшін маңызды.Құнды шығармалары Норвегия мектептерінің оқулықтарына енгізілсе дейміз. Норвег тілінде шыққан кітабын Лондон мен Франкфурттағы кітап жәрмеңкелеріне апаруды жоспарлап отырмыз. Қазақ халқы осындай ұлы тұлғасын мақтан тұтуы тиіс. Абайдың туған жерін көру үшін алдағы уақытта Қазақстанға сапарлаймын.
Нұрсұлу Қасым