«Amanat» партиясы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік картасын енгізуді ұсынды. Партия мүшелері ел аумағындағы 2 мыңға жуық сауда нысандарын тексеріп шыққан. Азық-түлік тауарлары тізбесі бойынша бағаның ең жоғары өсімі 5 өңірде байқалды.Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстары. Мәселен Маңғыстау облысында қырыққабат –117%-ға, сәбіз – 60%, пияз – 35%-ға қымбаттаған. Бұл Үкімет бекіткен шекті бағадан әлдеқайда артық. Ал, Қарағанды облысында қанттың бағасы 30%-ға өскен. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әкімдіктердің «айналым жүйесі» арқылы сауда нысандарына қарыз беруі - тиімсіз тәсіл екенін атап өтті
Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «айналым схемасының» тиімділігіне күмән келтірді. Сондықтан тиімді шешім табуды тапсырды. Соған қарамастан, «айналым схемасы» жұмысын жалғастырып жатыр. Ешқандай жаңа шешім естіген жоқпыз.
Дархан Рақымжан