Абай облысы Ұлы ойшылдың туған күнін атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысы Ұлы ойшылдың туған күнін атап өтуде

10.08.2022

Ұлы ақынның туған күні жаңадан құрылған Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Екі жыл бұрын Үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Семейдегі шаралар ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мерекелік бағдарлама аясында қалада кәсіпкерлер форумы, футбол матчы, бірнеше кездесулер өтеді. «Абай күні» Елордадан арнайы келген Роза Бағланова атындағы «Қазақ концерт» ұжымының «Ұлы дала - Ұлы Абай» атты үлкен концертімен түйінделеді.

Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы «Қазақ концерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

Ең алдымен абай жерінен бастадық. Семей қаласында үлкен концерт береміз. Жобаның мақсаты – өнер шығармаларының қолжетімділігін арттыру. Өңірлерге бару. Шағын қалаларға, ауылдарға барып, өнерімізді көрсету.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу